Ыстанбұл қаласында өтетін турнирге қатысатын қазақстандық каратэшілер анықталды
Түркияның Ыстанбұл қаласында 23-25 қаңтар аралығында WKF каратэден 2026 жылдың алғашқы Премьер-лига санатындағы бәсекесі өтеді, деп хабарлайды Prosports.kz сайты ҚР Туризм және спорт министрлігі Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Әлем рейтингінде әр салмақта үздік 32 спортшы ғана қатыса алатын бұл жарысқа Қазақстан әдеттегідей ауқымды командамен барады. Назарыңызға Ұлттық құрамасы тізімін ұсынамыз:
Әйелдер (кумите):
- Айшабибі Шарахан (-55 кг)
- Бэлла Самашева (-55 кг)
- Әсел Қанай (-61 кг)
- Айжан Бәкірова (-61 кг)
- Дайяна Даренская (-68 кг)
- Софья Берульцева (+68 кг)
Ерлер (кумите):
- Дархан Теміралиев (-60 кг)
- Жоламан Биғабыл (-60 кг)
- Еркінбек Байтореев (-67 кг)
- Нұрқанат Әжіқанов (-75 кг)
- Әлихан Қадырғали (-84 кг)
- Диас Анарбеков (+84 кг)
- Диас Ұлбек (+84 кг)
Ыстанбұлдағы жарыста барлығы 65 елден іріктелген 382 каратэ шебері күш сынасады. Жекпе-жектерді Халықаралық каратэ федерациясының YouTube арнасы (World Karate Federation) тікелей эфирде көрсетеді.
Нұрқожа Қайпанов еркін күрестегі ең беделді салмаққа ауысты
Қазақстан құрамасы семсерлесуден Катардағы турнирге қатысады
Стенд ату: Қазақстан құрамасы Азия чемпионатында бірнеше жүлдеге қол жеткізді