Хоккей: Қазақстан қыздар құрамасы Нидерландымен кездеседі

Хоккей: Қазақстан қыздар құрамасы Нидерландымен кездеседі

Шайбалы хоккейден Қазақстан 18 жасқа дейінгі қыздар құрамасы IIA дивизионында өтіп жатқан әлем чемпионатындағы төртінші ойынын Нидерландқа қарсы өткізеді, деп хабарлайды Prosports.kzБұл ойын Қазақстан уақытымен 18:30-да басталады.

Қазірге дейін қазақстандық хоккейшілер Жаңа Зеландия (13:2), Латвия (9:1), Түркия (5:1) құрамаларын қапы қалдырды.

Ал Нидерланд құрамасы Түркияны (3:0) жеңсе, одан кейін Оңтүстік Корея (0:5) және Латвияға (3:4) есе жіберді.

Алғашқы үш турдан кейін отандастарымыз 9 ұпаймен көш бастап тұрса, Нидерланд 3 ұпаймен төртінші орында тұр.

Сондай-ақ турнир кестесінде Оңтүстік Корея 8 ұпаймен екінші, Латвия 4 ұпаймен үшінші, Латвия 3 ұпаймен бесінші орынға жайғасқан. Әзірге Жаңа Зеландияның қоржыны бос.

Екі құрама қазірге дейін бес мәрте өзара кездесті. Олардың төртеуінде нидерландылық хоккейшілер жеңіске жетсе, біреуінде отандастарымыз алда болды.

Енді отандастарымыз бұдан кейін 25 қаңтарда Оңтүстік Кореямен ойнайды.

Айта кетейік, бұл топтан бірінші орын алған құрама ІВ тобына жолдама алса, соңғы орынды місе тұтқаны ІІВ тобына түсіп қалады.

Қазақстан құрамасы әлем чемпионатындағы үшінші жеңісіне қол жеткізді

Қазақстандық клуб Құрлықтық кубок финалында бақ сынады

Қазақстандық ҚХЛ-де 200-ші матчын өткізді


Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или