UEFA рейтингі: Қазақстан үздік қырық елдің қатарында қалды

UEFA рейтингі: Қазақстан үздік қырық елдің қатарында қалды

Қазақстан Чемпиондар лигасы жетінші турынан кейін UEFA коэффициенттер рейтингінде бұрынғысынша 37-орнын сақтап қалды, деп хабарлайды Prosports.kz.   

Коэффициент төмендегіше нәтижені білдіреді. Оған ағымдағы маусымның орташа мәні (жинаған ұпай жалпы саны еуромаусымға қатысып жатқан қауымдастық клубтарының санына бөлінеді) және алдыңғы төрт маусымның нәтижесі ескеріледі. Коэффициенттер тең болған жағдайда өткен маусымдағы жоғары коэффициентпен байланыс назарға алынады.

Рейтинг бойынша Англия көш бастап тұрса, одан кейінгі орындарда Италия, Испания, Германия, Франция, Нидерланд, Португалия, Бельгия, Түркия, Чехия келеді.

Сондай-ақ Финляндия 35, Косово 36, Босния және Герцоговина 38, Латвия 39 орынға жайғасқан. 

Айта кетсек, қазір алматылық «Қайрат» командасы сынға түсіп жатыр. Жеті турдан кейін олар Португалияның «Спортингіне» 1:4, Испанияның «Реал Мадридіне» 0:5, Италияның «Интеріне» 1:2, Грекияның «Олимпиакосына» 0:1, Данияның «Копенгагеніне» 2:3, Бельгияның «Брюггесіне» 1:4 есебімен жол берсе, Кипрдің «Пафосымен» 0:0 есебімен тең түсті.

Ал қазақстандық «Ордабасы», «Ақтөбе», «Астана» клубтары Еуропа лигасы және Конференция лигасы турнирлерінде жарысты ерте аяқтады.  

«Қайраттың» ең қымбат қорғаушысы командадан кететінін растады

Ұлттық құраманың бұрынғы ойыншысы астаналық клубқа ауысты

«Қайрат» ойыншысы: Бір ғана гол соққанымызға риза емеспіз!


Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или