Australian Open: Анна Данилина үшінші айналымға жолдама алды

Australian Open: Анна Данилина үшінші айналымға жолдама алды

Қазақстанның жұптық сындағы бірінші, әлемнің 14-ракеткасы Анна Данилина Аустралия ашық чемпионатының үшінші айналымына шықты, деп хабарлайды Prosports.kz тілшісі ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

Жарыстың 7-ракеткасы болып тіркелген А.Данилина сербиялық Александра Круничпен бірге екінші айналымда аустралиялықтар, бұрынғы ресейліктер Дарья Касаткина – Арина Родионованың мысын басты. Қазақстандық-сербиялық жұп 6:3, 6:4 есебімен жеңіске жетті.

Сағат жарымға жуық уақытқа созылған бәсекеде Данилина – Крунич 2 эйспен бірге 12 брейк-пойнттың тең жартысын пайдаланды. Касаткина – Родионова 1 эйс, 3 брейктен (8 брейк-пойнт) аса алмады.

Айта кетейік, Анна Данилина – Александра Круничтің келесі қарсыластары кейін белгілі болады.

Australian Open: Қазақстандық теннисші тарих жаңартты

Ломакин Үндістандағы турнирдің жартылай финалына шықты

Ига Швентек Australian Open турнирінің үшінші айналымына шықты


Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или