Australian Open: Путинцева 1/8 финалға шықты
Қазақстандық Юлия Путинцева (94-ші орында) Австралия ашық чемпионатының үшінші кезеңінде сәтті өнер көрсетті, деп хабарлайды Prosports.kz.
1/8 финалда Путинцева түрік Зейнеп Сёнмезбен (112-ші орында) кездесті. Қазақстандық теннисші үш сетте 6:3, 6:7 (3:7), 6:3 есебімен жеңіске жетті. Матч 2 сағат 36 минутқа созылды.
Юлия Australian Open турнирінде алғаш рет 1/8 финалға шықты. Ширек финалға шығу үшін Путинцева америкалық Ива Йович (27-ші орында) мен италиялық Жасмин Паолини (8-ші орында) арасындағы кездесудің жеңімпазымен кездеседі.
2026 жылғы Австралия ашық чемпионаты 31 қаңтарға дейін жалғасады. Әйелдер арасындағы жекелей сында бас жүлденің жеңімпазы 2 793 365 АҚШ доллары мен 2000 рейтингтік ұпай алады.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или