«Костюмін жыртып, көкала қойдай қылған»: Серік Сәпиевті аяусыз соққыға жықты
Бокстан екі дүркін әлем чемпионы, Лондон Олимпиадасының чемпионы Серік Сәпиевті қызметтегі орынбасары Дәурен Есімханов соққыға жықты, деп хабарлайды Prosports.kz.
Sportbugin.kz порталы мәліметіне сүйенсек, Қарағанды облыстық спорт басқармасының басшысы Сәпиевті өзінің орынбасары Дәурен Есімханов аямай сабап тастаған.
Аталмыш оқиғат 21 қаңтар күні Қарағанды қаласындағы Бұқар жырау даңғылында орын алған. Жанжал орынбасарының құжаттарға рұқсатсыз қол қоюына байланысты туған.
Осы жағдайға ашуын білдірген Серік Сәпиевті Есімханов күрес әдістерімен соққыға жыққан. Деректерге сәйкес, Олимпиада чемпионы дене жарақатын алып, костюмі мен көйлегі жыртылған.
Қазіргі таңда денсаулыққа қасақана зиян келтіру фактісімен қылмыстық іс тіркелген. Жәбірленушінің алған жарақатын анықтау үшін сот-медициналық сараптамасы тағайындалды. Сараптама жарақаттың қаншалықты ауыр екенін көрсетеді.
Айта кетелік, Дәурен Есімханов самбодан әлем және Азия біріншілігін жеңген спортшы.
Қазақстандық боксшы АҚШ-тағы жекпе-жегі алдында салмақ өлшеді
«Эмоциялар маңызды емес»: Әлімханұлының допинг ісі тек фактілерге сүйенеді
ҚБФ Әлімханұлының төңірегіндегі допинг дауы жайлы мәлімдеме жасады