Тау шаңғысы: Александра Скороходова Италиядағы турнирде алтын медаль жеңіп алды

Тау шаңғысы: Александра Скороходова Италиядағы турнирде алтын медаль жеңіп алды

Қазақстандық спортшы Александра Скороходова тау шаңғысынан Италияның Поцце-ди-Фассе қаласында өткен FIS аясындағы халықаралық турнирдің жеңімпазы атанды, деп хабарлайды Prosports.kz сайты ҰОК-ке сілтеме жасап.

Отандасымыз әйелдер арасында слалом сайысында алтын медаль жеңіп алды.

Скороходова 01:39.67 уақыт көрсеткішімен мәреге жетті.

Испаниялық Джун Гаритано Итурбе екінші орынды иеленсе, үздік үштікті АҚШ өкілі Эмма Гуггенхаймер түйіндеді.





Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или