«Астананың» бас бапкері команданың жаңа ойыншысы туралы айтты
Қорғаушы «Ақтөбеден» астаналық клубқа ауысқан еді, деп жазады Prosports.kz.
«Астананың» бас бапкері Григорий Бабаян бұрын «Ақтөбеде» ойнаған 27 жастағы Қазақстан құрамасының орталық қорғаушысы Әлібек Қасымның астаналық клубқа ауысуы туралы пікір білдірді.
«Иә, Әлібек бізбен бірге. Қазір «Астанада». Жаттығу енді ғана басталып жатыр, бәрі өте жылдам және тығыз, уақыт жеткіліксіз», - деді Бабаян Legalbet сайтына.
Еске сала кетейік, Қасым «Ақтөбеде» 2022 жылдың басынан бері ойнады. 2025 жылғы ҚПЛ маусымында қорғаушы19 матчта ойнап, бір гол соғып, екі нәтижелі пас берді. 2021 және 2025 жылдар аралығында ойыншы Қазақстан құрамасы сапында 14 ойын өткізіп, бір нәтижелі пастың авторы атанды.
«Қайраттың» ең қымбат қорғаушысы командадан кететінін растады
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или