«Каспий» тәжірбиелі қорғаушымен толықты

«Каспий» тәжірбиелі қорғаушымен толықты

«Каспий» футбол клубы орталық қорғаушы Амандық Нәбихановпен келісімшартқа отырғанын ресми жариялады, деп хабарлайды Prosports.kz.

28 жастағы футболшы Қазақстан Премьер-лигасының жаңа маусымында клуб құрамын күшейтеді.

Нәбиханов өткен маусымды «Атырауда» бастады, жазда «Жеңіске» ауысты. Қорғаушы мансабында 146 кәсіби матч өткізіп, бес гол соғып, алты нәтижелі пас берді.

2025 жылғы Қазақстан Премьер-лигасында (ҚПЛ) 12 матч өткізді.

«Каспий» Бірінші лига маусымында чемпион атанып, ҚПЛ-да ойнау құқығын жеңіп алды.

Қоса кетейік, Нәбиханов «Каспий» футбол клубының түлегі. 


«Қайраттың» ең қымбат қорғаушысы командадан кететінін растады

Ұлттық құраманың бұрынғы ойыншысы астаналық клубқа ауысты

«Жеңіс» жолдастық матчта ұтылды

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или