Ресейлік қорғаушы «Қайраттан» кетеді
Алматылық «Қайрат» командасының қорғаушысы Егор Сорокин командадан кететінін растады, деп хабарлайды Prosports.kz.
30 жастағы ресейлік ойыншы келісімшартының 31 қаңтарда аяқталатынын, содан кейін еркін агент болатынын мәлімдеді.
«Қайраттың» бас бапкері Рафаэль Уразбахтин бұған дейін ойыншының клуб басшылығымен кездесіп, командаға еуропалық жарыстарда көмектесу үшін келісімшартын тағы бір айға ұзартуға келіскенін айтқан.
«Қайрат» жейдесінде Сорокин екі ұлттық чемпионат пен Қазақстан кубогын жеңіп алды. Transfermarkt мәліметтері бойынша, футболшының нарықтық құны 1 миллион еуроға бағаланады.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или