Ломакин Үндістандағы турнирдің жартылай финалына шықты
Қазақстандық теннисші Григорий Ломакин мен үндістандық Исхак Экбал Үндістанның Хайдарабад қаласында өтіп жатқан ITF M15 турнирінің жұптық сынында жартылай финалға шықты, деп хабарлайды Prosports.kz.
Ширек финалда қазақстандық-үндістандық дуэт үндістандық Мадвин Камат пен Рохан Мехрамен кездесуі керек еді, бірақ қарсыластарының келмеуіне байланысты Ломакин мен Экбал келесі кезеңге өтті.
Жартылай финалда теннисшілер Тимофей Дерепаско (Ресей) және Мицуки Вэй Канг Леонгпен (Малайзия) кездеседі.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или