Айдос Сұлтанғали басқа салмақта күреседі
4–8 ақпан күндері Хорватияда күрес түрлерінен «Zagreb Open» халықаралық рейтингілік турнирі өтеді. Аталған жарыста грек-рим күресінен әлем чемпионы Айдос Сұлтанғали да белдеседі, де де 7 жоқ мап хабарлайды Prosports.kz.
Қазақстандық балуан бұл турнирде уақытша 63 келі салмақ дәрежесінде күресетінін мәлімдеді. Оның сөзіне сүйенсек, бұл оның әлем чемпионатынан кейінгі алғашқы жарысы.
«Хорватиядағы турнирде уақытша 63 келіде күресемін. Маусым барысында өз салмағыма қайта ораламын. Қазір нақты талап қойған жоқпын» деді Айдос Сұлтанғали Sportbugin порталына берген сұхбатында.
Айта кетелік, Айдос Сұлтанғали 2025 жылы өткен әлем чемпионатында алтын жүлде жеңіп алған болатын.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или