Рыбакина: «Бүгін матч қиын болды, бірақ жеңдік!»
Қазақстанның бірінші ракеткасы Елена Рыбакина Australian Open-2026 турнирінің екінші айналымында Франция өкілі Варвара Грачеваны (№77 WTA) 7:5, 6:2 есебімен жеңді, деп хабарлайды Prosports.kz.
Матч 1 сағат 17 минутқа созылды. Жеңістен кейін Рыбакина өзінің ойын процесіндегі қиындықтарды атап өтті:
«Ауа райының өзгеруі мен ұзақ ойын күні матчты қиындатты. Өзімнің физикалық, техникалық дайындығымды көрсетуге тырыстым. Осылайша екінші ретте ойынды өз пайдама бұра алдым» деді теннисші.
Айта кетелік, үшінші айналымда Рыбакина 18 жастағы чех теннисшісі Тереза Валентовамен (№54 WTA) кездеседі.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Подписывайтесь на cпортивные новости Казахстана и мира
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или