«Тек фактілер есепке алынады!» — допинг дауында маман пікірі
Қазақстандық ауыр салмақтағы әлем чемпионы Жәнібек Әлімханұлының допинг сынағы ісі соңғы кезеңге жетті. IBF және WBO нұсқалары бойынша мельдоний сынағының расталуынан кейін, чемпионның тағдыры енді құқықтық тұрғыда шешіледі, деп хабарлайды Prosports.kz.
Спорт менеджері және промоутер Жалғас Түкешовтің сөзіне сүйенсек, оқиғалардың әрі қарайғы дамуы тек халықаралық ұйымдардың ережелеріне байланысты болады, субъективті пікірлер мүлдем маңызды емес.
«Бұл жерде бір адамның немесе бір тараптың шешімі болмайды. Бұл әлемдік кәсіби бокс, барлық нәрсе тек қатаң ережелермен, IBF және WBO комиссиялары арқылы қаралады. Эмоциялар маңызды емес, тек фактілер мен рәсімдер есепке алынады» дейді Түкешов.
Айта кетелік, аталмыш оқиғадағы шешім Жәнібек Әлімханұлының чемпиондық мәртебесіне тікелей әсер етуі мүмкін.