Өзбекстан құрамасы әлем чемпионатында қорғаушысынан айырылды

Өзбекстан құрамасы әлем чемпионатында қорғаушысынан айырылды

Өзбекстан ұлттық құрамасының негізгі орталық қорғаушысы, Түркияның «Ризеспор» клубында ойнайтын Хусниддин Аликулов ауыр жарақат алды, деп хабарлайды Prosports.kz.

19 қаңтарда «Гёзтепе» командасына қарсы өткен матчта футболшы денсаулығына зақым келді. Ол 6–9 айға алаңнан тыс қалды. Клуб дәрігерлерінің мәліметіне сүйенсек, Аликулов жазда өтетін әлем чемпионатын өткізіп жіберуі мүмкін. Сонымен қатар, футболшыға ота жасалатын болды.

Айта кетелік, 26 жастағы Аликулов осы маусымда «Ризеспор» қатарында 11 матчқа шықты және алаңда 770 минут өткізді.





Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или