Аделина Земс: «Өзбекстан ақшаны уақытында төлемей отыр»

Аделина Земс: «Өзбекстан ақшаны уақытында төлемей отыр»

Азия чемпионы, 400 метрлік жүгіруден Қазақстан намысын қорғаған Аделина Земс Өзбекстан жеңіл атлетика федерациясының бірнеше ай бойы жүлде ақыларын төлемей отырғанын айтты, деп хабарлайды Prosports.kz. Бұл туралы ол Tengri Sport  порталына берген сұхбатында мәлім қылды. 

Спортшы сөзіне сүйенсек, ол 21–22 маусымдағы «Arzumanov Memorial» турнирі үшін шамамен 250 мың теңге (500 доллар) және 16–17 тамыздағы «Road to Tokio» турнирі үшін 500 мың теңге (1000 доллар) алуы тиіс болған. Алайда, алты айдан астам уақыт өтсе де, төлем әлі алынбаған.

«Екі жарыстан барлығы 1500 доллар төленуі керек еді. Біз бірнеше рет федерацияға жүгіндік, бірақ жауаптары әрдайым «ақша мен демеушілер ізделуде» деген сарындағы ақталу ғана. Басқа елдерде ақша көбіне бір айдан кейін бірден беріледі» дейді Аделина.

Спортшы өзінен басқа спортшылардың тіпті өткен жылдардағы турнирлерге алған ақылары берілмей отырғанын айтты. Сонымен қатар Аделина осыған байланысты Өзбекстан мен Қазақстан федерациялары арасында дау туғанын қаламайтынын ерекше атап өтті:

«Мен Өзбекстанды, адамдарын және мәдениетін сыйлаймын! Бірақ спортшылар алдындағы міндеттер орындалуы керек» деді ол. 

Айта кетелік, Аделина Земс Қазақстан атынан бірнеше жүгіру дисциплинасында өнер көрсетеді. 2018, 2023 және 2024 жылдары ол эстафеталық командамен Азия чемпионатында алтын медаль жеңіп алған.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или