Қарағандылық «Шахтёр» Түркияда дайындықты аяқтады: клубқа жаңа иесі келді
Қарағандылық «Шахтёр» клубы Түркияның Анталия қаласында алғашқы шетелдік оқу-жаттығу жиынын өткізді, деп хабарлайды Prosports.kz. Бұл туралы клубтың баспасөз қызметі мәлім қылды.
Жиын 9-22 қаңтар аралығында өтіп, команда екі бақылау кездесуін өткізді: Венгрияның «Гонвед» клубын 2:0 есебімен жеңіп, Косованың «Фероникели» командасымен 0:0 есепте тең ойнады.
Клуб баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, жаттығу кезінде футболшылардың физикалық дайындығы, тактикалық жұмысы және командалық өзара түсіністігіне ерекше көңіл бөлінді. Өткен маусымда «Шахтёр» Бірінші лиганың төртінші орынын иеленіп, КПЛ-ға шыға алмады.
Айта кетелік, қазіргі кезде клуб енді кәсіпкер Тимур Турловқа тиесілі, ол клубқа үлкен инвестиция салуға уәде берді. Аталмыш оқиға қарағандылық клуб үшін жаңа дәуірдің бастауы болуы мүмкін.