Ресей Олимпиадаға толыққанды мәртебемен оралады: мамандар пікірі қандай?

Ресей Олимпиадаға толыққанды мәртебемен оралады: мамандар пікірі қандай?

Халықаралық шайбалы хоккей федерациясы (IIHF) Ресей құрамасының халықаралық жарыстарға ықтимал оралуына қатысты алғаш рет нақты уақыт шеңберін белгіледі, деп хабарлайды Prosports.kz. 

Ақпаратқа сәйкес, U18 жасөспірімдер құрамасы халықаралық аренаға 2028 жылы ғана оралуы мүмкін, ал  жастар құрамалары  2029 жылы шығуы мүмкін. Ересектер арасындағы ұлттық құрамаға келсек, 2029 жылдың көктемінен кейін ғана жарыстарға қайта қосылуы ықтимал. 

Дәл осы ережемен іске асса, Ресей құрамасының толыққанды оралуы 2030 жылғы Француз Альпілерінде өтетін қысқы Олимпиада ойындарына тұспа-тұс келіп тұр.

IIHF президенті Люк Тардифтің сөзіне сүйенсек, Ресейдің қайта толыққанды оралуы халықаралық жағдайдың реттелуіне тікелей байланысты.

«Олар қайта оралған күні көптеген мәселе шешілгенін білдіреді. Қазір жарыстарды жоспарлау мүмкін емес»  деді Тардиф The Athletic дереккөзінде. 

Айта кетелік, шешім жағдайға байланысты күрт өзгеріп отыруы да мүмкін. 





Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или