Төрт құрлық біріншілігі: жапондықтар мұз айдында тағы да көш бастады
22 қаңтар да Қытайдың Бейжің қаласында өтіп жатқан мәнерлеп сырғанаудан «Төрт құрлық чемпионатында» жапон қыздары үздік үштікті түйіндеп тұр, деп хабарлайды Prosports.kz.
Қысқа бағдарламада жапондық спортшылар үстемдік етті: Ами Накай (73,83) бірінші орын алса, Юна Аоки (71,41) екінші, Моне Тиба (68,09) үшінші орынға тұрақтады.
Айта кетелік, жарыста қазақстандық мәнерлеп сырғанаушылар да өнер көрсетті. Атап айтқанда, Софья Самоделкина 62,29 ұпаймен тоғызыншы орынға табан тіресе, Амира Ирматова 42,40 ұпаймен 21-орында қалды.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или