Мәнерлеп сырғанау: Ресейден келген Самоделкинадан сенсация күтіп қателестік пе?!
Бүгін Қытайдың Бейжің қаласында өтіп жатқан мәнерлеп сырғанаудан »Төрт құрлық чемпионатында» бұрынғы ресейлік спортшы Софья Самоделкина үздік нәтиже көрсете алмады, деп хабарлайды Prosports.kz.
Қысқа бағдарламада қатесіз өнер көрсеткен қазақстандық спортшы төрешілерден 62,29 ұпай алып, аралық есепте тоғызыншы орынға көтерілді. Бұл көрсеткіш халықаралық деңгейдегі беделді жарыста Қазақстан үшін маңызды жетістік. Әйткенмен, Ресейден ауысқан Софьядан жақсы нәтиже күтілгені рас.
Қысқа бағдарламада жапондық спортшылар үстемдік етті:
Ами Накай (73,83) бірінші орын алса;
Юна Аоки (71,41) тізімде екінші;
Моне Тиба (68,09) үшінші орынға тұрақтады.
Тағы бір қазақстандық мәнерлеп сырғанаушы Амира Ирматова 42,40 ұпаймен 21-орында тұр.
Айта кетелік, шешуші кезең, яки еркін бағдарлама ертең 23 қаңтарда өтеді.