UFC басшысы Кроуфорд әлі де жоғары деңгейде жұдырықтаса алады деп санайды
UFC ұйымының басшысы Дана Уайт америкалық боксшы Теренс Кроуфорд мансабын тым ерте аяқтады деп есептейді, деп хабарлайды Prosports.kz. Оның айтуынша, Кроуфорд әлі де бірнеше жекпе-жекті ең жоғары деңгейде өткізе алатын мүмкіндігі бар.
Еске салайық, Теренс Кроуфорд қыркүйек айында Сауль «Канело» Альваресті жеңіп, екінші орта салмақта абсолютті әлем чемпионы атанды. Алайда араға көп уақыт салмай, желтоқсан айында кәсіби мансабын аяқтайтынын жариялады.
Дана Уайттың пікірінше, мұндай жарқын жеңістен кейін Кроуфордтың бокста қалуы орынды болар еді. Ол америкалық боксшыны аса дарынды, өз ісінің үздіктерінің бірі деп атап өтті және жеке қасиеттерін де жоғары бағалады.
Айта кетейік, Дана Уайт басқаратын Zuffa Boxing компаниясы Кроуфорд пен Альварес арасындағы жекпе-жекті ұйымдастыруға қатысқан. 2026 жылы Уайт Zuffa аясында толыққанды бокс турнирлер сериясын іске қосуды жоспарлап отыр және алдағы айларда Кроуфордқа рингке қайта оралу жөнінде ұсыныс жасауы мүмкін екенін жоққа шығармады.
ҚБФ Әлімханұлының төңірегіндегі допинг дауы жайлы мәлімдеме жасады
Бокстан жасөспірімдер арасындағы Қазақстан чемпионаты басталды