Отандастарымыз Қатардағы халықаралық турнирде бақ сынайды
Семсерлесуден Қазақстан ұлттық құрамасы Қатардың Доха қаласында өтетін Гран-при сериясындағы турнирге қатысады, деп хабарлайды Prosports.kz.
Қазақстандық спортшылар ерлер және әйелдер арасындағы жарыстарда өнер көрсетеді. Құрама сапында Руслан Курбанов, Эльмир Алимжанов, Александр Федотов, Кирилл Проходов, Кирилл Павлов, Богдан Лукин, Михаил Кузьмин, Ерлік Сертай, Вадим Шарлаимов, Георгий Тинников, Никита Жулинский бар.
Сондай-ақ әйелдер арасындағы бәсекеде Владислава Андреева, Каролина Фомина, София Николайчук және Наталья Зинякова ел намысын қорғайды.
Дохада өтетін Гран-при турнирі 23–25 қаңтар аралығында ұйымдастырылады.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или