Царукян жазда жекпе-жек өткізуді жоспарлап отыр

Царукян жазда жекпе-жек өткізуді жоспарлап отыр

UFC-дің жеңіл салмақтағы рейтингінде бірінші тұрған Арман Царукян октагонға қашан қайта шығатынын айтты, деп хабарлайды Prosports.kz.

Жауынгердің сөзінше, келесі жекпе-жегін жаз айларында өткізуі мүмкін. Ол соңғы рет қараша айында айқасқанын ескеріп, маусым немесе шілде айлары ең қолайлы уақыт екенін атап өтті. Сонымен қатар алдағы демалыс күндері жағдайдың қалай өрбитінін және BMF белбеуіне қатысты ахуалды бақылап отыратынын жеткізді.

Еске сала кетейік, қараша айында Арман Царукян Дэн Хукерді мерзімінен бұрын жеңген болатын. 24 қаңтар күні Лас-Вегаста жеңіл салмақта уақытша чемпиондық белбеу үшін Джастин Гейджи мен Пэдди Пимблетт кездеседі.

Ал 8 наурызда сол қалада BMF белбеуі үшін жекпе-жек өтеді. Бұл айқаста дивизион рейтингінде екінші және үшінші орындарды иеленіп тұрған Чарльз Оливейра мен Макс Холлоуэй күш сынасады. Бұған дейін Царукян UFC басшылығы чемпиондық жекпе-жекті кейінге қалдыра берсе, BMF титулы үшін айқасуға дайын екенін мәлімдеген еді.

Арман Царукян: UFC белбеуі – менің басты мақсатым

Қазақстандық файтердің келесі қарсыласы жақсы жаңалығымен бөлісті


Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или