Нурмагомедов Фигередоны жеңсе, кіммен жұдырықтасуы мүмкін
UFC жауынгері Умар Нурмагомедов бразилиялық Дейвесон Фигередоны жеңген жағдайда келесі кіммен айқасуы мүмкін екенін айтты, , деп хабарлайды Prosports.kz.
Умар Нурмагомедов пен Дейвесон Фигередо жеңіл салмақта UFC 324 турнирі аясында кездеседі. Жекпе-жек АҚШ-тың Лас-Вегас қаласында 25 қаңтар күні өтеді.
Нурмагомедовтің айтуынша, Фигередоны жеңгеннен кейін оған бірден чемпиондық жекпе-жек берілмеуі мүмкін. Соған қарамастан, ол қанша рет болса да октагонға шығуға дайын екенін жеткізді. Оның басты мақсаты — 2026 жылы чемпиондық белбеу үшін айқасу.
Сондай-ақ ол жазда Абу-Дабиде өтетін турнирдің басты жекпе-жегінде Шон О’Мэлли мен Петро Ядун айқасының жеңімпазымен кездесуі мүмкін екенін айтты. Егер О’Мэлли келесі титулдық жекпе-жекке шықса, Нурмагомедов Мераб Двалишвилиге қарсы реванш өткізуді де қолайлы нұсқа деп санайды.
Айта кетейік, Умар Нурмагомедов ММА-де 20 жекпе-жек өткізіп, соның 19-ында жеңіске жеткен.
Арман Царукян: UFC белбеуі – менің басты мақсатым
Қазақстандық файтердің келесі қарсыласы жақсы жаңалығымен бөлісті