Нигериялық қорғаушы Виктор Мозес «Қайсарға» келеді
Қызылорданың «Қайсар» футбол клубы құрамын күшейтуге дайындалып жатыр, деп хабарлайды Prosports.kz.
AmanVIBE ақпаратына сүйенсек, 35 жастағы нигериялық қорғаушы Виктор Мозес командамен бір маусымға арналған келісімшартқа қол қояды.
Виктор Мозес кәсіби мансабын «Кристал Пэлас» клубында бастап, кейін «Уиган Атлетикке» ауысты. Сол кезеңде ойыншының ойынын «Челси» клубы байқап, өз сапына қосты.
Футболшының ең табысты маусымы 2016/17 жылдарға сәйкес келді. Антонио Конте баптаған «Челси» сол маусымда Англия Премьер-лигасының чемпионы атанып, Мозес қапталдағы қорғаушы позициясында тұрақты түрде алаңға шықты.
Кейін ол «Сток Сити», «Вест Хэм», «Фенербахче», «Интер», «Спартак» және «Лутон Таун» клубтарында ойнады. Нигерия ұлттық құрамасы сапында 38 матч өткізіп, 12 гол соққан. Виктор Мозестің «Қайсар» құрамындағы ресми таныстырылымы 24 қаңтар күні Қызылордада өтеді.
Ұлттық құраманың бұрынғы ойыншысы астаналық клубқа ауысты