Гулжигит Алыкулов ресейлік командамен келісімшартқа отырды

Гулжигит Алыкулов ресейлік командамен келісімшартқа отырды

Минсктің «Динамо» клубы Қырғызстан құрамасының 25 жастағы жартылай қорғаушысы Гүлжигит Алыкуловпен келісімшартқа отырды, деп хабарлайды Prosports.kz. 

Алыкуловты қазақстандық жанкүйерлер Алматының «Қайратында» (2020-2023) өткізген уақытымен жақсы біледі. «Сары-қаралармен» бірге Алыкулов 2020 жылы Қазақстан чемпионатын, ал 2021 жылы Қазақстан кубогын жеңіп алды. Ол «Қайрат» сапында барлық жарыстарда 99 ойын өткізіп, 13 гол соғып, 13 нәтижелі пас берді.

Өткен маусымда Алыкулов Ресейдің Бірінші лигасында ойнайтын «Торпедо» командасында 20 ойын өткізді. Жартылай қорғаушы сонымен қатар «Неман» сапында ойнап, Беларусь чемпионаты мен Ұлттық кубокта екі күміс медаль жеңіп алды. Жартылай қорғаушы Қырғызстан құрамасы сапында 47 ойын өткізіп, алты гол соқты.

«Жеңіс» жолдастық матчта ұтылды

Чемпиондар лигасы: Қарсылас «Қайратты» аямады

«Қайрат» - «Брюгге» матчында ең төмен баға алған футболшы анықталды

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или