Әлем кубогы кезеңі: Қазақстан құрамасының құрамы белгілі болды
22 қаңтарда Чехияның Нове-Место қаласында биатлоннан Әлем кубогының кезекті кезеңі басталады, деп хабарлайды Prosports.kz сайты ҰОК-қа сілтеме жасап.
Алғашқы жарыс күні ерлер арасында жекелей сайыс өтеді.
Қазақстан құрамасынан жарысқа үш спортшы қатысады. Ел намысын Владислав Киреев, Әсет Дүйсенов және Александр Мухин қорғайды.
Жарыс Астана уақытымен 22:15-те басталады.
Айта кетейік, бұл Әлем кубогы кезеңі 2026 жылғы Олимпиада ойындарының алдындағы соңғысы болмақ. Бұған дейін Владислав Киреев пен Әсет Дүйсенов Қазақстанның олимпиадалық құрамасына енген болатын.
Нұрқожа Қайпанов еркін күрестегі ең беделді салмаққа ауысты
Стенд ату: Қазақстан құрамасы Азия чемпионатында бірнеше жүлдеге қол жеткізді
Америкалық атбегі университеттің қаражатын жеке қажеттілігіне пайдаланғаны үшін сотқа тартылды