Михаил Кукушкин Португалиядағы турнирдің ширек финалына шықты

Михаил Кукушкин Португалиядағы турнирдің ширек финалына шықты

Қазақстандық теннисші Михаил Кукушкин Португалияның Оэйраш қаласында өтіп жатқан «челленджер» турнирінде 1/8 финалдық кездесуін өткізді, деп хабарлайды Prosports.kz.

Кукушкин эстониялық теннисші Марк Лаялмен кездесіп, 6-7, 6-2, 7-5 есебімен жеңіске жетті.

Кездесу 3 сағат 16 минутқа созылды.

Ширек финалда Кукушкин ATP рейтингінде 129-орында тұрған литвалық Вилиус Гаубаспен кездеседі.



Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или