Ұлттық құраманың бұрынғы ойыншысы астаналық клуб сапындағы дебюттік ойынын өткізді
Қазақстан ұлттық құрамасының бұрынғы ойыншысы Александр Меркель елордалық «Жеңіс» сапында алғашқы ойынын өткізді, деп хабарлайды Prosports.kz.
Қазақстандық команда Түркияда өтіп жатқан оқу-жаттығу барысында Косовоның «Приштина» клубымен шеберлік байқасты. Александр Меркель екінші кезеңде жасыл алаңға шықты. Ойын қорытындысы бойынша елордалық клуб қарсыласқа 0:1 есебімен жол берді.
Александр Меркель 1992 жылы Алматы қаласында дүниеге келген. Қазірге дейін ол Англия, Швейцария, Германия, Аустрия, Нидерланд, Сауд Арабиясы, Түркия және БАӘ елдерінің клубтарында доп тепкен.
Айта кетейік, 2015-2019 жылдар аралығында Қазақстан ұлттық құрамасы сапында тер төкті.
«Жеңіс» жолдастық матчта ұтылды
Чемпиондар лигасы: Қарсылас «Қайратты» аямады
«Қайрат» - «Брюгге» матчында ең төмен баға алған футболшы анықталды