Стенд ату: Қазақстан құрамасы Азия чемпионатында бірнеше жүлдеге қол жеткізді
Қазақстан құрамасы стенд атудан Дохада (Қатар) өтіп жатқан Азия чемпионатында тағы бірнеше жүлдеге қол жеткізді, деп хабарлайды Prosports.kz.
Элеонора Ибрагимова, Анастасия Прилепина және Наргиза Сарманова ел қоржынына алтын медальді салды. Отандастарымыз «трап» бағдарламасы бойынша командалық сайыста үздік нәтиже көрсетті.
Сонымен қатар «трап» дисциплинасында қазақстандық мергендер жекелей сында да табысты өнер көрсетті. Максим Бедарев пен Элеонора Ибрагимова күміс жүлде иеленді.
Айта кетейік, бұған дейін ұлттық құрама «скит» түрінен екі алтын, бір күміс және үш қола медаль жеңіп алған болатын.
Қазақстан футзалының бас бапкері Какау қайта оралды – футзал жаңа дәуірге қадам баса ма?
Стенд ату: Қазақстан құрамасы Азия чемпионатында бес медальға ие болды
Америкалық атбегі университеттің қаражатын жеке қажеттілігіне пайдаланғаны үшін сотқа тартылды