Олимпиада 2026: Қазақстан құрамасының бір бөлігі – бұрынғы ресейлік спортшылар

Олимпиада 2026: Қазақстан құрамасының бір бөлігі – бұрынғы ресейлік спортшылар

Миландағы Қысқы Олимпиада да Қазақстан атынан 36 спортшы өнер көрсетеді. Олардың ішінде 4 спортшы Ресейден ауысып келгендер, деп хабарлайды Prosports.kz. 

Биыл Ақ ойын Италияның Милан қаласында өтеді. Төрткүл дүние көз тігетін додаға ел атынан 36 спортшы іріктелді. Тізімнің 11%-ы Ресейден келген келімсектер. Атап айтқанда: 

Софья Самоделкина (мәнерлеп сырғанау), Кристина Силаева (конькимен жүгіру);

Елизавета Голубева (конькимен жүгіру спорты), Александра Скороходова (тау шаңғысы);

Жоғарыда аталған төрт спортшы Қазақстан туының астында бақ сынайды. Кейбірі Ресейде жасөспірімдер мен жастар арасындағы чемпионаттарды жеңіп, халықаралық деңгейде тәжірибе жинақтаған.

Айта кетелік, спорт мамандары бұл тәжірибенің нәтижесі әртүрлі болатынын, кейбір спортшылар медаль жеңіп алған соң туған елдеріне оралуы мүмкін екенін айтады. Ал бұл төрт спортшы Қазақстанға адал бола ма, әлде жаңа мүмкіндіктер іздей ме ол жағы уақыт еншісінде. 

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или