Жәнібек Әлімханұлының менеджері Берік Сұлтан мәлімдеме жасады

Жәнібек Әлімханұлының менеджері Берік Сұлтан мәлімдеме жасады

Менеджер Берік Сұлтан қазақстандық кәсіпқой боксшы, орта салмақтағы WBO және IBF тұжырымдары бойынша әлем чемпионы Жәнібек Әлімханұлының допинг ісіне қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды Prosports.kz.

Бұл жөнінде ол әлеуметтік желідегі парақшасында жазды:

«Бокстағы допинг дауы бойынша мамандар айналысып жатыр. Промоутер, менеджер мен заңгерлер жұмысын жасауда. Жәнібек те, мен де ештеңе жасай алмаймыз. Біздікі тек күту. Барынша аз уақытқа шеттетілу бойынша жұмыс жасалып жатыр. Қайғырып отыра бергеннен ештеңе шешілмейді. Бұдан да өтеміз. В сынамасынан да сол зат шыққан екен. Өкінішті, әрине. Бірақ басқаша болу мүмкіндігі төмен еді. Ендігі қадам не болды, соны күтудеміз. Біздің мамандар айналысуда. Қайдан ағзаға кіруі мүмкін деген сұрақтар көтерілуде. Өйткені, Жәнібек ондай тыйым салынған зат қолданбаған. Күтейік ақыры», - деп жазды Берік Сұлтан. 

Айта кетейік, Жәнібек Әлімханұлы желтоқсан айындағы кезекті жекпе-жегі алдындағы допинг тестінен өтпей қалды.

Осыған байланысты орта салмақта WBO және IBF тұжырымдары бойынша әлем чемпионы болып тұрған Жәнібек Әлімханұлы (17-0, 12 KO) мен WBA чемпионы Эрисланди Лара (31-3-3, 19 KO) арасындағы жылдың басты жекпе-жегі ресми түрде өтпейтіні белгілі болды.

Жәнібек Әлімханұлы 1993 жылы 1 сәуірде дүниеге келген. Әуесқой бокста 2013 жылы әлем чемпионы атағынып, сол жылы Азия чемпионатында жеңіс тұғырына көтерілді.

Жәнібек Әлімханұлының қанында допинг бары расталды

Жәнібек Әлімханұлының B сынамасы ашылды

Қазақстандық боксшының келесі жекпе-жегі өтетін күн белгілі болды

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или