Самбодан Астана қаласының чемпионаты өтті

Самбодан Астана қаласының чемпионаты өтті

Самбодан Астана қаласының чемпионаты өтті, деп хабарлайды Prosports.kz.

Беделді жарыста ҚР ІІМ Ұлттық ұланының Астана гарнизонының әскери қызметшілері жоғары деңгейдегі дене және кәсіби даярлықтарын танытып, лайықты өнер көрсетті.

Турнир қорытындысы бойынша 5573 әскери бөлімінің жауынгерлік дайындық бөлімшесінің аға маманы (аға нұсқаушысы) аға сержант Бекзат Алтынбаев 88 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде қарсыластарын сенімді түрде жеңіп, алтын медаль иеленді.

Команданың қоржынына тағы бір алтын жүлдені арнайы құралдарды қолдану бөлімшесінің аға жауынгері ефрейтор Жандос Сейтенов салды. Ол 98 келіден жоғары салмақ дәрежесінде чемпион атанды.

79 келі салмақ дәрежесінде Ұлттық ұланның спорт командасын даярлау орталығының спорт жөніндегі аға нұсқаушысы ефрейтор Айбоба Азатбек қола медаль жеңіп алды.

Жарыс нәтижелері бойынша аға сержант Бекзат Алтынбаев пен ефрейтор Жандос Сейтенов іріктеу сынақтарынан сәтті өтіп, 8–11 ақпан күндері Қарағанды қаласында өтетін самбодан Қазақстан чемпионатына жолдама алды.

Астана қаласының чемпионатындағы табысты өнері ұландықтардың жоғары спорттық даярлығын және Ұлттық ұланды республикалық деңгейдегі жарыстарда лайықты танытуға деген ұмтылысын айқын дәлелдейді.

Қазақстандық спортшылар WTT Contender Muscat турниріне қатысады

Қазақстандық теннисшілердің WTA рейтингіндегі орындары белгілі болды

Қазақстандық теннисші Australian Open турнирін сәтті бастады

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или