Australian Open-2026: Александр Бублик үшінші айналымға өтті

Australian Open-2026: Александр Бублик үшінші айналымға өтті

Александр Бублик Аустралия ашық чемпионатында сенімді түрде жеңіске жетіп келеді, деп хабарлайды Prosports.kz. 

Қазақстанның бірінші, әлемнің 10-ракеткасы Александр Бублик Аустралия ашық чемпионатының үшінші айналымына жолдама алды.

Қазақстандық теннисші екінші айналымда әлемнің 54-ракеткасы, мажарстандық, 33 жастағы Мартон Фучовичпен шеберлік байқасты.

Екі сағат 14 минутқа созылған бәсекеде А.Бублик 12 эйспен бірге 13 брейк-пойнттың бесеуін өз есебіне жазды. Фучович 6 эйс, 2 брейкпен көзге түсті.

Александр Бублик төртінші айналымға шығу үшін әлемнің 62-ракеткасы, аргентиналық Томас Мартин Этчеверримен таласады.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или