Хоккей: Қазақстан қыздар құрамасы Түркиямен күш сынасады
Шайбалы хоккейден Қазақстан 18 жасқа дейінгі қыздар құрамасы IIA дивизионында өтіп жатқан әлем чемпионатындағы үшінші ойында Түркиямен кездеседі, деп хабарлайды Prosports.kz.
Қазір отандастарымыз алғашқы екі турдан кейін бірде-бір ұпай жоғалтқан жоқ. Алты ұпаймен екінші орында келеді. Турнир кестесінде екінші орында Оңтүстік Корея бес ұпаймен тұр. Одан кейінгі орындардағы Түркия мен Нидерландтың 3, Латвияның 1 ұпайы бар. Ал Жаңа Зеландияның қоржыны бос тұр.
Алдағы қарсыласымыз - Түркиямен қазақстандық хоккейшілер қазірге дейін үш мәрте кездескен еді. Барлығында отандастарымыз жеңіске жетті. Қазақстандық хоккейшілер оларды 2018 жылы 14:1, 2019 жылы 15:0, 2024 жылы 6:0 есебімен жеңді.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или