Қазақстандық файтер Ташкентте жеңілмеген өзбекпен төбелеседі
Қазақстандық аралас жекпе-жек өкілі Сержан Сапарғалиев (6-8-1) OCTAGON 84 турниріндегі қарсыласын білді, деп хабарлайды Prosports.kz.
Сержанның қарсыласы ретінде Өзбекстанның жеңілмеген файтері Парвиз Насруллаев (4-0) таңдалды. Жартылай жеңіл салмақтағы жекпе-жек 1 ақпанда Ташкент қаласында өтеді.
OCTAGON 84 турнирінің басты жекпе-жегінде уақытша чемпиондық белбеу сарапқа салынады. Аса жеңіл салмақта жеңіліп көрмеген қазақстандық Қайсар Жауғашар (6-0) мен өзбекстандық Сардорбек Рузиев (4-0) октагонға шығады.
Сондай-ақ, бұл кеште Өзбекстан өкілі Шахзод «Голд» Узоков кәсіби ММА-дегі алғашқы жекпе-жегін өткізеді.
Айта кетелік, ол қазақстандық танымал файтер, BMF белбеуінің иегері Еркебулан Тоқтардың алдағы қарсыласы.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Подписывайтесь на cпортивные новости Казахстана и мира
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или