Нұрқожа Қайпанов 74 келіге ауысты
Еркін күрестен әлем және Азия чемпионы, әлем чемпионаттарының күміс және қола жүлдегері Нұрқожа Қайпанов салмақ ауыстырды, деп хабарлайды Prosports.kz. Бұл туралы күрес федерациясы мәлім қылды.
Токио Олимпиадасы қарсаңында Қайпанов 74 келіге ауысқан болатын. Осы салмақта Азия чемпионы атағын иеленді.
Алматы қалалық күрес федерациясының мәліметінше, биылғы маусымнан бастап Қайпанов тек 74 келіде сынға түседі.
«Нұрқожа енді салмақ ауыстырмайды. Биыл Азия ойындары өтеді, әрі қарай Олимпиадаға іріктеу басталады. Сондықтан, енді салмақ ауыстырудың еш қажеттілігі жоқ» деді федерация өкілі.
Айта кетелік, Қайпанов аталмыш салмақта Париж Олимпиадасына іріктеу турнирінен жолдамаға қол жеткізе алмаған болатын.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или