«Хусанов бізге өте қажет» Холанд Хусанов туралы ойын бөлісті
Манчестер Сити» шабуылшысы, норвегиялық жұлдыз Эрлинг Холанд командаласы Абдуқодир Хусановтың маңызын жоғары бағалады, деп хабарлайды Prosports.kz. Бұл туралы Championat.asia мәлім етті.
Абдуқодир Хусанов пен Хабиб Нурмагомедовтың видеосы әлеуметтік желіде кең тарады. Хусановпен қарым-қатынасыңыз қандай, ол ағылшынша сөйлей ме деген сауалға:
« Иә, ол ағылшын тілін үйреніп алды. Біз бір-бірімізбен ағылшынша сөйлесеміз. Хуса өте жақсы жігіт. Ол әлі де өсіп, өз деңгейін дәлелдеуі керек. Болашақта бізге тым қажет ойыншы болады, сондықтан бар назарын жұмысқа аударып, тынымсыз еңбектенуі маңызды» деп жауап берді Холанд.
Айта кетелік, Хусанов қазіргі таңда негізгі құрамға еніп, тұрақты ойнай бастады.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Подписывайтесь на cпортивные новости Казахстана и мира
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или