Өзбекстан ФИФА рейтингісінде төмендеп кетті
ФИФА Африка Кубогы ойындарынан кейін ұлттық құрамалар рейтингін жаңартты. Жаңартылған рейтинг бойынша Өзбекстан құрамасы екі сатыға төмен сырғыды, деп хабарлайды Prosports.kz.
Қазіргі таңда Өзбекстан Азиядағы құрамалар арасында бесінші орында, ал әлемдік рейтингте 52-ші орынға тұрақтады. Бұрын команда екі саты жоғары тұрған еді.
Өзбекстанның төмендеуіне қазіргі уақытта маңызды матчтардың болмауы мен турнирлік міндеттердің жоқтығы себеп болған. Құрама жазда өтетін 2026 жылғы Әлем чемпионатына дайындық жұмыстарын жалғастырып жатыр.
Айта кетелік, әлемдегі үздік команда Испания болса, Азияда бірінші орын Жапония құрамасына тиесілі боп тұр.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или