Кортқа көйлекпен шыққан теннисші жұртты таң қалдырды
Жапон теннисшісі, бұрынғы әлемнің бірінші ракеткасы Наоми Осака Australian Open-2026 турнирінде өзіндік ерекше киімімен кортқа шығып, жанкүйерлерді тәнті етті, деп хабарлайды Prosports.kz.
«Мен медуза образында өз қиялымдағы үлгімен киім тіккіздім. Өте бақыттымын, себебі сүйікті ісіммен айналысу мүмкіндігі бар. Басымдағы қалпақта һәм қолшатырда да көбелек бар. Мұным 2021 жылы жеңген Australian Open турниріне арналады» деді ол алаңда берген сұхбатында.
Айта кетелік, 28 жастағы Наоми Осака «Australian Open» турнирінің екі дүркін жеңімпазы (2019, 2021) және «US Open» чемпионатының да екі дүркін иегері (2018, 2020). Старттық матчында экс-бірінші ракетка Хорватия өкілі Антония Ружичті жеңді (65). Келесі раундта Наоми Румыниядан шыққан Сорана Кырстеймен (41) кездеседі.