«Қолдарынан басқа түк келмейтіндіктен оралады да…» Роднина Камила Валиева мен Трусова жайлы ащы пікір білдірді

«Қолдарынан басқа түк келмейтіндіктен оралады да…» Роднина Камила Валиева мен Трусова жайлы ащы пікір білдірді

Үш дүркін Олимпиада чемпионы Ирина Роднина Ресей спортындағы жұлдыздар Камила Валиева мен Александра Трусованың спортқа қайта оралуына қатысты өткір пікірін ашық айтты, деп хабарлайды Prosports.kz.  

«Қазір бұл қыздар қайта оралуға бар күш-жігерін сала тырмысып жатыр, өйткені қолдарынан осыдан басқа ештеңе келмейді. Сашаның да, Камиланың да балалық шағынан бір ғана мақсұты бар. Спортта нәтижеге жету және ең күрделі элементтерді орындау. Шоу-бизнес ендігі олар үшін қызық емес. Екі қыз өздерін шоу әртісі ретінде сезіне алмауда,  әлі де кәсіби спортшы ретінде сезінеді» деді ол Sports.24 порталына берген сұхбатында. 

Айта кетелік, Трусова Пекин Олимпиадасының (2022) күміс жүлдегері, әлем чемпионаты мен Еуропа чемпионатында бірнеше медаль жеңіп алған. Камила Валиева допинг дауына ілігіп, спорттан шеттетілген болатын. 





Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или