«Ақтөбе» Бердібектің келесі маусымдағы клубын анықтады

«Ақтөбе» Бердібектің келесі маусымдағы клубын анықтады

«Ақтөбе» қазақстандық жартылай қорғаушы Дархан Бердібектің болашағына қатысты шешім қабылдады, деп хабарлайды Prosports.kz.

Ресми ақпаратқа сәйкес, 21 жастағы ойыншы алдағы маусымды жалға беру шартымен ақтаулық «Каспий» сапында өткізеді.

Дархан Бердібек «Ақтөбе» құрамына 2024 жылы қосылған. Осы уақыт ішінде ол барлық турнирде 14 матч өткізіп, екі гол соқты. Өткен маусымда жартылай қорғаушы жалға беру негізінде елордалық «Жеңіс» клубында өнер көрсетті.

Еске салайық, өткен маусымда Қазақстан Премьер-Лигасында «Ақтөбе» турнир кестесінде бесінші орынға тұрақтады. Клуб жуырда кәсіпкер Нұрлан Артықбаевтың басқаруына өткен. Forbes дерегіне сәйкес, оның байлығы 228 миллион доллар деп бағаланады.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или