Шевченко екінші айналымда жарысты аяқтады

Шевченко екінші айналымда жарысты аяқтады

Қазақстандық теннисші Александр Шевченко Australian Open-2026 турниріндегі өнерін аяқтады, деп хабарлайды Prosports.kz. Екінші айналымдағы матчта әлемнің 97-ракеткасы америкалық Лернер Тиенге қарсы ойнап, айқын есеппен жеңілді.

Кездесу 2 сағат 4 минутқа созылып, матч 2:6, 7:5, 1:6, 0:6 есебімен аяқталды. Бірінші және шешуші сеттерде америкалық теннисші толық басымдық танытты. Шевченко екінші партияда қарсылық көрсетіп, сет ұтқанымен, жалпы ойын барысын өз пайдасына аудара алмады.

Осылайша, қазақстандық спортшы Australian Open турнирімен екінші айналымда қоштасты.

Айта кетейік, Australian Open-2026 Мельбурн қаласында 18 қаңтар мен 1 ақпан аралығында өтіп жатыр. Ерлер арасындағы жекелей сында негізгі торда 128 теннисші бақ сынауда. Турнирдің қазіргі чемпионы — италиялық Янник Синнер, ол былтырғы финалда германиялық Александр Зверевті жеңген болатын.

Маусымдағы алғашқы «Үлкен дулыға» турнирінің жүлде қоры 74,9 миллион долларды құрайды. Бұл көрсеткіш 2025 жылмен салыстырғанда 16 пайызға артып, турнир тарихындағы ең ірі жүлде қоры ретінде тіркелді.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или