Марк-Андре тер Штеген: бұл клуб менің үйім болды
Германиялық қақпашы Марк-Андре тер Штеген «Барселонадан» кетуіне қатысты әсерлі пікір білдірді, деп хабарлайды Prosports.kz. Ол маусым соңына дейін Жирона клубында жалға ойнайды.
Тер Штегеннің айтуынша, бұл күн оның «Барселонадағы» осы маусымдағы соңғы сәті. Қақпашы соңғы 12 жыл бойы клуб пен командадағы киім ауыстыратын бөлмені өз үйіндей көргенін жеткізді. Осы жерде футболшы ретінде де, тұлға ретінде де өскенін, ұмытылмас сәттерді бастан өткергенін атап өтті. Ол клубқа, қалаға және аймаққа деген алғысы мен махаббаты ешқашан сөнбейтінін айтты.
Сондай-ақ тер Штеген жанкүйерлерге жылдар бойғы қолдауы үшін алғыс білдіріп, командадағы әріптестеріне бірге өткізген уақыт, күрес пен сыйластық үшін ризашылығын жеткізді. Капитандық таңбаны тағу өзі үшін үлкен мәртебе болғанын да ерекше атап өтті.
Енді оның жолы Каталонияда жалғасатынын айтқан қақпашы алда не күтіп тұрғанын асыға күтетінін жеткізді. Ол «Барселонаға» маусым соңына дейін сәттілік тілеп, тағы да көптеген жүлделерді жеңіп алады деп үміт білдірді.
Айта кетейік, 33 жастағы қақпашы осы маусымда Барселона сапында Испания Кубогында бір матчқа қатысты. Оның клубпен жасалған келісімшарты 2028 жылдың жазына дейін жарамды.