Биатлоннан ұлттық құрама 2026 жылғы Олимпиадаға дайын

Биатлоннан ұлттық құрама 2026 жылғы Олимпиадаға дайын

Қазақстан биатлоншылар одағы бапкерлер штабымен бірге 2026 жылғы қысқы Олимпиада ойындарына қатысатын спортшылардың нақты тізімін бекітті, деп хабарлайды Prosports.kz. Ұлттық құрама атынан төрт спортшы ел намысын қорғайды.

Олимпиадалық құрамға қысқы Азия ойындарының чемпионы Владислав Киреев, сол жарыстың күміс жүлдегері Асет Дюсенов, сондай-ақ биатлоншылар Милана Генева мен Айша Ракишева енді. Бұл спортшылар маусым бойы тұрақты нәтиже көрсетіп, іріктеуден сүрінбей өтті.

Биатлоншылар одағының мәліметінше, жасақталған құрам – тарихтағы ең жас командалардың бірі. Спортшылардың орташа жасы 24–25 шамасында. Көпшілігі Олимпиадаға алғаш рет қатысқалы отырғанымен, команданың әлеуеті жоғары. Құраманың еншісінде жалпы саны 17 лицензия бар.

Қазіргі уақытта ұлттық құрама Чехияда, әлем кубогының кезекті кезеңіне қатысып жатыр. Бұл жарыстар бекітілген дайындық жоспарының соңғы бөлігі саналады. Кезең аяқталғаннан кейін команда Италияға аттанып, Олимпиада алдындағы дайындықты жалғастырады.

Еске салайық, Қазақстан 2026 жылғы қысқы Олимпиада ойындарына биатлоннан екі ер және екі әйел спортшыны тіркеу құқығына ие болған еді.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или