Қазақстандық теннисші «челленджерді» жеңіспен бастады
Қазақстандық теннисші Денис Евсеев Португалияның Оэйраш қаласында өтіп жатқан «челленджер» турнирінде күтпеген жеңіске жетті, деп хабарлайды Prosports.kz. Алғашқы айналымда ол Швейцария өкілі Жером Киммен кездесті.
Матч үш сетке созылып, Евсеевтің пайдасына 6:4, 6:7, 6:2 есебімен аяқталды. Кездесу 2 сағат 15 минутқа жалғасты. Осы нәтижеден кейін қазақстандық теннисші 1/8 финалға жолдама алып, келесі кезеңде венгриялық Жомбор Пирошпен ойнайды.
Айта кетейік, Денис Евсеев турнирді іріктеу кезеңінен бастады. Алдымен ол иорданиялық Абедалла Шелбайханы 6:2, 6:0 есебімен жеңді. Одан кейін британдық Лиам Бродимен кездесуі тиіс болған, алайда қарсыласы матчқа шықпай қалды.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или