Царукян чемпиондық белбеу үшін барынан айырылуға да дайын екенін ашық жеткізді. Оның айтуынша, мансабындағы басты мақсат – дәл осы UFC титулын иелену.
«UFC белбеуі мен үшін бәрінен маңызды. Сол белбеу үшін барлық ақшамды, сағаттарымды, көліктерімді беруге дайынмын», – деді Арман Царукян Деметриус Джонсонның подкастында.