Путинцева екінші айналымда қарсыласын қиындықсыз ұтты
Мельбурнде Australian Open турнирі өтіп жатыр, деп хабарлайды Prosports.kz. Әйелдер арасындағы жарыстың екінші айналымында қазақстандық теннисші Юлия Путинцева Франция өкілі Эльза Жакемомен кортқа шықты.
Кездесу Юлия Путинцеваның айқын басымдығымен аяқталды. Қазақстандық спортшы матчты 6:1, 6:2 есебімен жеңіп, келесі кезеңге жолдама алды.
Үшінші айналымда Путинцева Түркиядан келген теннисші Зейнеп Сенмезбен ойнайды.
Australian Open турнирі 18 қаңтар мен 31 қаңтар аралығында өтеді. Жарыстың жалпы жүлде қоры 74 900 000 долларды құрайды.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или