Чемпиондар лигасы: «Қайрат» өз алаңындағы соңғы матчты сәтсіз өткізді

Чемпиондар лигасы: «Қайрат» өз алаңындағы соңғы матчты сәтсіз өткізді

Алматының «Қайраты» Чемпиондар Лигасының өз алаңындағы матчында Бельгияның «Брюгге» клубына қарсы матч өткізді, деп хабарлайды Prosports.kz.

«Астана Аренада» матчқа литвалық Донатас Румшас төрелік етті.

Командалардың бастапқы құрамы келесідей болды:

Қайрат: Анарбеков, Мата, Сорокин, Мартынович, Тапалов, Қасаболат, Глейзер, Громыко, Жоржиньо, Мрынский, Эдмилсон;

Брюгге: Джекерс, Саббе, Ордоньес, Мечеле, Сейс, Станкович, Ветлесен, Ванакен, Форбс, Верман, Диахон.

Алматылық команда сапынадағы жалғыз голды матч соңында Әділет Садыбеков соқты. 

«Қайрат» кезеңдегі соңғы ойынын 28 қаңтарда Лондонда «Арсеналға» қарсы өткізеді.

«Қайрат» (Алматы, Қазақстан) - «Брюгге» (Брюгге, Бельгия) 1-4 (0-2)

Гол соққандар: Станкович 32 (0-1), Ванакен 38 (0-2), Верман 74 (0-3), Мечеле 84 (0-4).



«Тобыл» Түркияда матч өткізді

Қазақстан құрамасының қорғаушысы «Ақтөбеге» ауысуы мүмкін

«Ақтөбе» чехиялық командамен жолдастық кездесу өткізді

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или