Қазақстан құрамасының қорғаушысы «Ақтөбеге» ауысуы мүмкін

Қазақстан құрамасының қорғаушысы «Ақтөбеге» ауысуы мүмкін

Қазақстан құрамасының орталық қорғаушысы Темірлан Ерланов «Ақтөбе» құрамын толықтыруы мүмкін, деп хабарлайды Prosports.kz сайты ASnews.kz-ке сілтеме жасап.

Бұған дейін 32 жастағы футболшы павлодарлық «Ертіске» ауысуы тиіс болған. Бірақ ол жақтағы клуб басшылығы мен бапкерлік құрамның ауысуына байланысты трансфер жүзеге аспай қалды.

Ерланов 2021–2023 жылдар аралығында «Ақтөбе» сапында өнер көрсетті. «Қызыл-ақтардан» бөлек, «Восток», «Ордабасы» және «Тобыл» клубтарында да ойнаған.

2019 жылы Темірлан Қазақстан құрамасында дебют жасап, содан бері ұлттық құрамада 20 матч өткізіп, бір гол соққан.


Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или